Қытайлық Сычуань провинциясында тастар құлап, екі автомобилді басып қалды, 7 адам қаза болды деп хабарлайды РИА Новости China News Service агенттігіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға жақында Лэшань округінің Мабянь-Иск автономдық округінде болды. Қаза тапқандар арасында уездік жол басқармасының бастығы, сондай-ақ уездік коммуникация және көлік басқармасы бастығының орынбасары бар.
Қазіргі уақытта оқиға орнында үйіндіні тазалау жұмыстары жалғасуда.