Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапармен келді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапармен келді

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапармен келді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.

  • 9 Наурыз 2016
  • 394
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Елбасы алдымен «Болашақ-Т» ЖШС-ның үй құрылысы комбинатына ат басын бұрмақ.

Оралда 2014 жылы «Болашақ-Т» ЖШС (қуаты —  жылына 50 мың шаршы метр темірбетон бұйымдары) мен «СВ плюс» ЖШС-ның (40 мың шаршы метр) екі үй құрылысы комбинаты пайдалануға берілген еді. Сол жылы «Болашақ-Т» ЖШС-ның үй құрылысы комбинаты «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы аясында кезекте тұрғандар үшін тоғыз қабатты, 180 пәтерлік тұрғын үй құрылысын бастаған еді. Оны компания өткен жылдың желтоқсанында салып бітірді. Бұл — елімізде тұрғын үй индустриясын дамыту бағытында бой көтерген алғашқы үй.

Содан кейін Елбасы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында болып, Ақ Жайық өңірінің шығармашылық орта және зиялы қауым өкілдерімен кездеспек.

Қазақстан халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр атындағы орталық өткен жылы ақынның 80 жылдығына орай ашылған болатын. Мұнда ақынның музейі мен кітапханасына қоса сондай-ақ Қазақстан Жазушылар, Композиторлар және Суретшілер одақтарының филиалдары жұмыс жасайды. Мұнда соңғы кезде ақын-жазушылардың әдеби-музыкалық кештері, басқа да шаралар көптеп ұйымдастырылуда.


Түстен кейін Елбасы Орал қаласындағы теннис орталығында өтетін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ортақ тағдыр — Нұрлы жол» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық форумына қатысады деп жоспарлануда.