Серік Ахметов мемлекетке келтірген залал көлемін толық өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Ахметов мемлекетке келтірген залал көлемін толық өтеді

Серік Ахметов мемлекетке келтірген залал көлемін толық өтеді

Пара алғаны үшін сотталған Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтың қорғау тарапы мемлекетке келтірілген залал көлемі толық өтелгенін мәлімдеді.

  • 9 Наурыз 2016
  • 455
Фото - Caravan.kz

2015 жылғы желтоқсанда Серік Ахметовке бюджет қаржысын ұрлады, пара алды, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген айып тағылған болатын.  Экс-премьер Серік Ахметов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Желтоқсанның соңында Ахметовтың қорғаушылары апелляцияға шағым түсірді.
"Ахметовтың тарапы қылмыстық істің екі эпизоды  "Канализациялық тазарту ғимараттары" және "
Топар жылыжайлары"
 бойынша мемлекетке келтірілген залал көлемін толық өтеді. Мемлекет табысына түскен сомма шамамен  2,2 миллиард теңгені құрайды", — деді Қазақстан жаңалықтары АА агенттігіне Ахметовтың қорғаушыларының бірі.
Сонымен, қорғаушының айтуынша, мемлекетке келтірілген залал көлемі толық өтелді.