Таразда 19 жастағы студент жұмбақ жағдайда жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда 19 жастағы студент жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Таразда 19 жастағы студент жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Екінші наурызда үйінен колледжге кеткен Виктор Прокопенко сол күйі оралмаған. Оны көрдім-білдім деген жан жоқ.

  • 10 Наурыз 2016
  • 303
Фото - Caravan.kz

Студенттің ата-анасы үйде ешқандай ұрыс-керістің болмағанын айтады. Бүгінге дейін жатпай-тұрмай өздері іздеген әке-шешесі тәртіп сақшыларына енді ғана хабар беріп отыр. Жігіттің тәртібі түзу, бұрын-соңды бұзақылығымен көзге түспеген дейді жақындары. Себепсіз үйден кеткен кездері де болмапты. Қазір әлеуметтік желі арқылы хабарламалар таратылуда. Ал бүгін іздеушілер қатарына еріктілер қосылды.  

Людмила Прокопенко, В.Прокопенконың анасы:


-Үйден көңілді шыққан. Балалардың үлкені болғандықтан, өзінен кейінгілеріне қамқор еді. Көп балалы отбасымыз сондықтан бізге көмек бергісі келетін. Өтінемін, хабар болса айтыңыздаршы.