Brent маркалы мұнай құны барреліне $40,79 дейін төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Brent маркалы мұнай құны барреліне $40,79 дейін төмендеді

Brent маркалы мұнай құны барреліне $40,79 дейін төмендеді

  • 11 Наурыз 2016
  • 383
Фото - Caravan.kz

Интерқұрылықтық биржада сауда-саттық барысында мәскеу уақыты бойынша сағат 7:07-дегі жағдай бойынша солтүстік теңіздік  Brent мұнайы қоспасына мамырлық фьючерстер құны   0,686%-ға — барреліне  $40,79 дейін төмендеді.   WTI маркалы мұнайға баға   0,983%-ға —  барреліне $38,67 дейін өсті, деп хабарлады "Коммерсант"


Еске салсақ, АҚШ-та бұрғылау қондырғыларының саны қысқаруына (қаңтарда олардың саны 60-қа қысқарып, 654-ті құрады) орай және Ресейде 20 наурызға белгіленген бірнеше  мұнай экспорттаушы ұйым елдері (ОПЕК) мен картельге кірмейтін елдер кездесуін күту аясында соңғы аптада мұнайға баға  өскен болатын.