Демалыс күндері жауын жауады, боран болады деп күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Демалыс күндері жауын жауады, боран болады деп күтілуде

Демалыс күндері жауын жауады, боран болады деп күтілуде

Демалыс күндері жауын-шашын жауып, күн ала бұлтты болады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМ

  • 11 Наурыз 2016
  • 388
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райын сақтап тұрған антициклон Сібірдің оңтүстігіне көшеді. Ал Ресейдің европалық аумағынан циклон көшіп келеді. Сондықтан демалыс күндері елдің басым бөлігінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, солтүстік облыстарда боран болып, жел  жылдамдығы 15-20м/с дейін көтеріледі деп күтіледі.  Оңтүстікте жауын, таулы аудандарда сулы қар жауады. Температура төмендейді, алайда аталған кезең үшін климаттық нормадан жоғары болады»,- делінген хабарламада.