Анкарада жойқын жарылыс болып, 27 адам ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анкарада жойқын жарылыс болып, 27 адам ажал құшты

Анкарада жойқын жарылыс болып, 27 адам ажал құшты

Анкарада жойқын жарылыс болып, 27 адам ажал құшты, деп хабарлайды РИА Новости.

  • 14 Наурыз 2016
  • 395
Фото - Caravan.kz

Жарылыс 13 наурыз күні кешке қарай  автобус аялдамасында болған. Бір автобус пен бірнеше жеңіл көлік тұтастай жанып кеткен, сондай-ақ көптеген адам жараланған.

Алдын ала болжам бойынша, мина қойылған көлік жарылған. Оның қасына автобус таяғанда жарылғыш зат іске қосылған. Полицейлер оқиға орнын қоршауға алды, ол жерде жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Әзірше басқа мәлімет жоқ.

Айта кетейік, әуелгі таратылған хабарламада қаза тапқандардың саны 15 адам екені айтылған, кейін 25 адам ажал құшқаны анықталды. Соңғы мәліметке сәйкес, олардың саны 27-ге жетті.