Түркияда жарылыстан кейін «Фейсбук» және «Твиттер» әлеуметтік желілері бұғатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда жарылыстан кейін «Фейсбук» және «Твиттер» әлеуметтік желілері бұғатталды

Түркияда жарылыстан кейін «Фейсбук» және «Твиттер» әлеуметтік желілері бұғатталды

Анкара соты қаладағы жарылыстан кейін «Фейсбук» және «Твиттер» әлеуметтік желілерін бұғаттау туралы қаулы шығарды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отыры

  • 14 Наурыз 2016
  • 373
Фото - Caravan.kz


Мұндай шешім жексенбі кешке қалада орын алған жарылысқа байланысты болып отыр. Соңғы ақпарат бойынша, оқиғадан 34 адам қаза тауып, 125-і жараланды. 

Билік оқиға орнынан фотолар мен видеоларды куәгерлер көп таратпауы үшін әлеуметтік желілерді бұғаттау қажет болғандығын жеткізді. 

Оқиға болған жерден осы уақытқа дейін бірқатар суреттер әлеуметтік желілерде жарияланып үлгерді. 

Жарылыс Анкара қаласындағы басты көшелердің қиылысында жергілікті уақытпен 18-40-та (Астана уақытымен сағат: 22-40) болды. Сол жерде көп адам жиналған аялдама болған. 

Жарылысқа қатысты лаңкестік ұйымдар әзір мәлімдеме жариялаған жоқ. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, түрік арнайы қызметінің өкілі билік бұған «Күрдістан жұмыс партиясы» немесе осы ұйымға қатысты адамдарды күдікті болуы мүмкін деп санайтынын айтқан.