Бұл туралы бүгін Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте Назарбаев университетінің инновациялар бойынша вице-президенті Қанат Байғарин хабарлады.
«Қазақстан тәуелсіздігін алғанда Арал мәселесі ауқымды болатын, National Geographic сол кезде Арал және оның проблемалары жөніндегі экспедицияларымен жарияланымдар жасаған. Олар бізге 15-20 жыл сайын осы экспедицияны қайталап жүргізуге ұсыныс берген-ді. Бүгінде осы мүмкіндіктер жөнінде келіссөз жүргізілуде», — деді ол.
«Дей тұрғанмен, биыл жазда өзіміз де Арал теңізіне экспедиция жасауды жоспарлаудамыз. Сол уақытта шетелдік әріптестер бізге қосылуы мүмкін. Бірақ әріптестердің қатысуымен не өзіміз экспедиция жасалатын болады», — деді Қ.Байғарин.