Алматы облысының тұрғыны жол полициясы қызметкеріне қол жұмсады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының тұрғыны жол полициясы қызметкеріне қол жұмсады

Алматы облысының тұрғыны жол полициясы қызметкеріне қол жұмсады

Алматы облысы Талғар ауданында «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолынан 21 шақырым жерде жүргізуші мен полицей арасында жанжал орын алды.

  • 15 Наурыз 2016
  • 337
Фото - Caravan.kz

Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 34 жастағы Райымбек ауданының тұрғыны шағын автобус  жүргізушінің ішімдік ішкені байқалып, ол куәландыру үшін медициналық мекемеге жеткізілді.

Медициналық тексеру жүргізушінің орташа дәрежеде мас екенін анықтады. Алайда ұсталған ер адам қарсылық танытып, полицейге жұдырық ала жүгірген. Қызметкерлердің бірі жеңіл дене жарақатын алды. Қарсыласқанына  қарамастан мас ер адам Талғар АІІБ-ге жеткізіліп, қамауға алынды, деп нақтылады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта факті бойынша ҚР ҚК «Билік өкіліне қатысты күш қолдану»  380-бабында көзделген сот алды тергеу басталды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.