Бюджеттік қаражатты қымқырғаны үшін «Межрегионкомплект-Астана» ЖШС директоры ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бюджеттік қаражатты қымқырғаны үшін «Межрегионкомплект-Астана» ЖШС директоры ұсталды

Бюджеттік қаражатты қымқырғаны үшін «Межрегионкомплект-Астана» ЖШС директоры ұсталды

 Астана қаласы мемлекеттік кіріс департаменті экономикалық тергеу қызметі  ҚР ҚК 176-бабы 3-бөлігі «б»  тармағы бойынша «Межрегионкомплект-Астана» ЖШС бас директоры П.А. Енинге қатысты ҚР Энергетика министрлігінің шағымы бойынша қылмыстық істі аяқтады.

  • 15 Наурыз 2016
  • 441
Фото - Caravan.kz

Ведомствоның ақпарат қызметінде хабарланғандай, П.А. Енин 2011 жыл кезеңінде Ақмола облысында «Бурабай» геофизикалық обсерваториясын қайта көшіру  жұмыс жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт аясында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі бөлген 240 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын қымқырған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс Астана қ. Сарыарқа ауданы №2 аудандық сотының қарауында жатыр. Күдікті Енин қамауға алынды.


Үрдіс нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады, деп атап өтті Астана қаласы бойынша МКД.