«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында 2016 жылдың 16, 17, 18 наурыз күндері тәулік бойы тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады деп күтілуде. Бұл туралы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.