Алматыда жантүршігерлік трамвай апатына кінәлілер жазасын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жантүршігерлік трамвай апатына кінәлілер жазасын алды

Алматыда жантүршігерлік трамвай апатына кінәлілер жазасын алды

Алматыда трамвайдың кесірінен болған ірі жол апатына кінәлілер жазасын алды. Атап айтқанда трамвай тәлімгері мен жүргізушісі ендігі екі жылын емін-еркін өткізе алмайды.

  • 16 Наурыз 2016
  • 373
Фото - Caravan.kz


Алмалы аудандық сотының шешімімен олардың бас бостандықтары екі жылға шектелді. Ирина Чучкалова мен Елена Стекольникованың жүруге жарамсыз техникамен жолаушы тасымалдағаны толық дәлелденген. Десе де судья олардың отбасылық жағдайы мен қылмыстарын толық мойындағанын ескеріп тек шартты жаза тағайындапты. Сондықтан енді екеуі де бұдан былай беймезгіл қыдырып, көңіл көтеру орталықтарына бара алмайды. Сондай-ақ тұрғылықты мекен жайларын да өз беттерінше өзгертулеріне рұқсат жоқ. Естеріңізге салсақ, өткен жылдың қыркүйек айында тежегішінен ақау шыққан трамвай 17 көлікті қағып өтіп, жарамсыз еткен еді. Осы апаттан бір адам ауыр жарақат алып, мүгедек болып қалған. Енді ол денсаулығына келген залалды енді қос сотталушы мен «Алматыэлектротранс» мекемесінен өндіріп алуына болады.