Димаш Құдайбергенов алғашқы ән кешін береді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайбергенов алғашқы ән кешін береді

Димаш Құдайбергенов алғашқы ән кешін береді

 «Славян базары - 2015»  халықаралық ән байқауында Қазақстанның мәртебесін көтеріп, жеңіске жеткен Димаш Құдайбергенов еліміздің барлық өңірлерінде алғашқы жеке концертін бермек.

  • 31 Наурыз 2016
  • 523
Фото - Caravan.kz

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ұмытылмас күн» ән кеші 25 қалада өтеді деп жоспарлануда. Атап айтқанда, 9 сәуір — Орал қаласы («Жастар мәдениет үйі»), 10 сәуір — Ақсай қаласы (Мәдениет үйі), 16 сәуір — Құлсары қаласы («Кең Жылыой» Мәдениет үйі), 17 сәуір — Атырау қаласы («Құрманғазы» Мәдениет үйі) тұрғындары алғашқы болып жанды дауыста өтетін әншінің жеке концертін тамашалай алады. Кеш қонағы, Димаштың ата-анасы, елімізге танымал әншілер Қанат және Света Айтбаевтар болады. Кеш барысында әнші халық әндерімен бірге, әлемдік танымал әндерді, өзінің репертуарындағы жаңа әндерді де шырқайды.

Айта кетерлігі, Димаш Құдайбергеновтың ресми сайты үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) жұмыс істей бастады. Әнші туралы барлық ресми жаңалықтар мен ақпараттарды 
www.dimashkudaibergen.com
сайтынан алуға болады.

Перейти к новостям спорта