Танымал опералық әуендер тақырыбына үздік шыққан аспаптық қиял-парафразалар мен транскрипцияларды орындайтын талантты музыканттар — «Астана Опера» симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы, концертмейстер Қаламқас Жұмабаева, Долорес Үмбетәлиева (фортепиано), Валерия Моисеенко (скрипка), Ахмет Сұлтанов (альт), Фахриддин Хусниддинов (виолончель), Анатолий Якушкин (контрабас).
Парафраза (қиял) мен транскрипция — фортепианода кеңінен қолданылатын музыкалық жанр. Бұл бағыттағы көптеген маңызды көркемдік шығармаларды Ф. Лист жазған. Егер парафраза музыкадағы танымал әуендерді аспапты шығарма түрінде асқан шеберлікпен өңдеуді білдірсе, транскрипция — музыкалық шығарманы басқа аспапқа салу немесе сол аспапқа ыңғайластыру үшін қайта өңдеу.
Бағдарламада — Дж. Вердидің «Травиата» операсы тақырыбына А. Баццинидің қиялы, Ф. Проттоның Ж. Бизенің «Кармен» операсына Тореадордың мәтіндері, Ф. Листтің Дж. Вердидің «Риголетто» операсына парафразалары, Н. Паганинидің Дж. Россинидің «Моисей» операсына вариациялары, И. Фроловтың Дж. Гершвиннің «Порги және Бесс» операсына концерттік қиялы, М. Глинканың В. Беллинидің «Сомнамбула» операсы тақырыбына дивертисменті.
«Концерттің идеясы — «Астана Опера» театры аспапшыларының орындауындағы опералық музыканы көрсету, олар тек талантты оркестр музыканттары ғана емес, жарқырап жеке де, ансамбльмен де орындайтындар. Жеке ойнайтындар — скрипка, виолончель, контрабас, рояль, ал секстет кешті аяқтайды. Концертке дайындалуға жарты жыл уақыт кетті. Бағдарламаға танымал әуендер енді. Кең экранда көрерменге қызық бейнесүйемелдеу көрсетіледі», — деп атап өтті халықаралық байқаулардың дипломанты, театр концертмейстері Долорес Үмбетәлиева.
