Канн фестивалінің бас жүлдесін британдық фильм жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Канн фестивалінің бас жүлдесін британдық фильм жеңіп алды

Канн фестивалінің бас жүлдесін британдық фильм жеңіп алды

Канн кинофестивалінің бас жүлдесі «Алтын пальма бұтағын» британдық режиссер Кен Лоучтың «Мен, Дэниел Блейк» атты фильмі жеңіп алды. Бұл – денсаулығы нашарлап, еңбек қабілетінен айырылған егде жастағы ер адамның мемлекеттен жәрдемақы алуға тырысқанын әңгімелейтін оқиға. Бұл 79 жастағы британдық режиссердің еншісіне түскен екінші «Алтын пальма бұтағы» болып отыр. Алғашқы жүлдесін ол осыдан 10 жыл бұрын ирландықтардың тәуелсіздігі үшін күресі туралы «Аршагүлді тербеткен жел» фильмі үшін алған еді.

  • 23 Мамыр 2016
  • 403
Фото - Caravan.kz


Кен Лоуч, режиссер:

— Қазылар алқасы біз айтпақ болған сезімді түсінді деп санаймын. Бюрократия онсыз да қатал үнемдеу бағдарламасының ауыртпалығын тартқан адамдардың намысын қорлайды. Бұл миллиондаған адамның жағдайын әбден қиындатып, күнкөрісі үшін үнемі күресуге мәжбүрлейді. Ал осы кезде таңдаулы шағын топтың байлығы басынан асып кетті.

Перейти к новостям спорта