Қазақстандық Ademi мен ресейлік әнші Сосо Павлиашвили дуэт болып ән шырқады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық Ademi мен ресейлік әнші Сосо Павлиашвили дуэт болып ән шырқады

Қазақстандық Ademi мен ресейлік әнші Сосо Павлиашвили дуэт болып ән шырқады

Қазақстандық Ademi мен ресейлік әнші Сосо Павлиашвили «Жүрегімдегі көктем» деп аталатын бірлескен композицияны жазып шықты.

  • 24 Мамыр 2016
  • 531
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қазақстандық әншінің продюсері Роман Самсаков хабарлады.

Айта кетелік, Ademi Ресейдің Сочи қаласында өткен «Жаңа толқын-2015» байқауында екінші орын алған болатын. Сондай-ақ, көрермендер көзайымы жүлдесін жеңіп алды.

Бұл байқау тарихында қазақстандық орындаушылар үшін ең жоғарғы нәтиже.

Сосо Павлиашвилимен бірлесе шығармашылық жұмыс жасау жөнінде келіссөздер бір айға жуық уақытқа созылған.   

Соның нәтижесінде С. Павлиашвили Ademi-ге өзінің «Жүрегімдегі көктем» композициясын дуэт болып орындауды ұсынған. Бұл композиция әншінің Мәскеудегі дыбыс студиясында жазылды. 

Енді алдағы уақытта бұл ән Ресей мен Қазақстанның радиостансаларында шырқалатын болады. Ал алдағы маусым айында музыканттар Мәскеуде әннің клипін түсіруді жоспарлап отыр.  


Ademi-нің айтуынша, оған Сосомен жұмыс істеген өте ұнайды. Сосо  көңілге сенім ұялатып, жұмысқа ынталандыра білетін кәсіпқой әнші. Бұдан басқа, Сосо Павлиашвили Әдеміге өзінің авторлық лирикалық әнін сыйға тартыпты. Мұны Әдемі көп ұзамай тыңдармандарының назарына ұсынатын болады. 

Перейти к новостям спорта