9 жастағы қыздың өліміне себепкер Бурабайдағы медбике 1,5 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
9 жастағы қыздың өліміне себепкер Бурабайдағы медбике 1,5 жылға сотталды

9 жастағы қыздың өліміне себепкер Бурабайдағы медбике 1,5 жылға сотталды

Бурабай курортында жазғы лагерге демалуға келген 9 жастағы қыздың өліміне байланысты балаларды сауықтыру орталығының медбикесі1,5 жылға сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Мамыр 2016
  • 384
Фото - Caravan.kz


Еске сала кетейік, 2014 жылдың маусым айында яғни, жазғы демалыс кезінде Теміртау қалалық емханасының медбикесі Бурабай ауданының Қатаркөл ауылындағы «Континент» балаларды сауықтыру орталығына жұмысқа орналасқан.
Сол кезде, осында демалуға келген 9 жастағы қыз науқастанып, көз жұмған болатын. Баланың диагнозын анықтап, бірақ аурханаға жібермегені үшін аталған орталық медбикесі үстінен қылмыстық іс қозғалған. 
Осыған байланысты Бурбай аудандық соты 39 жастағы медбикені кінәлі деп танып, ҚР ҚК 114-бабының 4-бөлімі бойынша 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, оған алдағы 3 жыл бойы медициналық қызметпен айналысуына тыйым салынды. Оған қоса айыпты зардап шегуші тарапына 310 мың теңге көлемінде өтемақы төлейтін болды. 
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.