Түркия Германиядағы елшісін кері шақырып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.58
  • 549.71
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия Германиядағы елшісін кері шақырып алды
  • 3 Маусым 2016
  • 446
Фото - Caravan.kz

Бундестагта қабылданған резолюцияның символикалық сипаты бар. Бес беттік құжатта "1915 және 1916 жылдардағы армян және християндық азшылық өкілдерінің геноцидін ұмытпау керек" делінген. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бір жарым миллион адам қаза тапқан.

Анкара алдын ала Берлинге резолюцияны қабылдау екі елдің қатынасына сызат түсіреді деп ескерткен. Атап айтқанда, Түркия президенті Реджеп Эрдоғанның өзі резолюцияға қатысты Бундестаг шешімі ЕО мен Анкара арасындағы босқындар мен мигранттар жөніндегі келісімге әсер ететінін мәлімдеген.

Түркия геноцид фактісін мойындамайды, олардың тұжырымы бойынша, жүздеген армян соғыс кезінде қаза тапқан.