ҰБТ-2016: Тестілеудің үш күнінде 125 балды 11 түлек жинады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ-2016: Тестілеудің үш күнінде 125 балды 11 түлек жинады

ҰБТ-2016: Тестілеудің үш күнінде 125 балды 11 түлек жинады

ҚР БҒМ 2016 жылғы 2-4 маусымда  өткен ҰБТ нәтижесін жариялады.

  • 6 Маусым 2016
  • 457
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2 және 4 маусым күндері өткізілген тестілеуге 58343 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде — 42186, орыс тілінде — 16157 бітіруші. 

Тестілеу үшінші күні 70 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді.

Тестілеудің үш күнінде мүмкін болған 125 балды 11 бітіруші жинады:

— Матқалиева Динара Маратқызы, «Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия» (Алматы қ.);

— Мейірханова Аружан Ерланқызы, «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» (Алматы қ.);

— Оспанова Рамзия Рамазановна, «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» (Алматы қ.);

— Мұхаметқали Еркежан Досенқызы, «№175 гимназия «Жаңа ғасыр» (Алматы қ.);

— Махамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы, «№169 мектеп-лицей» (Алматы қ.);

— Беркінова Ақнұр Нұрболовна, «Қаратөбе мектеп-гимназиясы» (Батыс Қазақстан облысы);

— Болат Кәмшат Болатқызы, «№17 Семей жалпы орта білім беру мектебі» (Семей қ.);

— Ержанов Нұрасыл Ержанұлы, «№72 мектеп-лицей» (Астана қ.);

— Исмаилова Дана Сүйіндікқызы, «Қашыр ауданының Тереңкөл а. Х.Оспанов атындағы №3 ЖОББМ» (Павлодар обл.);

— Маратова Ақерке Маратқызы, «Абай атындағы орта жалпы білім беру мектебі» (Шығыс Қазақстан облысы);

 — Усин Әділ Қуатұлы, «Қызылқақ ЖОББМ» (Павлодар обл.).

Тестілеудің үш күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзғандары үшін 31 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:

— ұялы байланыс телефондарын пайдалану — 13 бітіруші;

— емтихан материалдарын бүлдіру — 1 бітіруші;

— сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатында оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстыру — 17 бітіруші.

Келесі кестеде ҰБТ-ның тестілеу күндері бойынша қысқаша нәтижелері келтірілген:

Лек күні

Өтініш саны

ҰБТ-ға қатысты

Өту деңгейінен өте алмағандар

Бес пән бойынша 100-ден жоғары

Тестілеудің бір пәні бойынша қанағаттанарлықсыз баға алғандар

барлығы

қаз

орыс

барлығы

қаз

орыс

барлығы

қаз

орыс

барлығы

қаз

орыс

1

02.06

18599

13349

5250

17934

13026

4908

2274

1615

659

3834

2811

1023

480

2

03.06

19802

14189

5613

19224

13970

5254

3302

2343

959

3246

2275

971

709

3

04.06

22021

15533

6488

21185

15190

5995

3946

2777

1169

4270

3103

1167

857


барлығы

60422

43071

17351

58343

42186

16157

9522

6735

2787

11350

8189

3161

2046

%

100

71,284

28,716

96,559

72,307

27,693

16,321

70,731

29,269

19,454

72,15

27,85

  

Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.

Апелляцияға өтінішті беру барысында бітірушінің әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.

Тестілеудің екі күнінде Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 279 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 60 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы қолданған тест тапсырмаларының 0,5%-н құрайды. Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілінен, математика және Қазақстан тарихы пәндерінен болды.

Келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың негізгі себебі:

—         әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы оқылудың айырмашылығы;

—         техникалық себептер, оның ішінде баспалық қателер.

Сонымен қатар, шектік деңгейден өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-сі мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі