Жуырда ғана Gakku Әуендері марапаттау салтанатында Caffeine тобы өз статуэткасын алған-ды. Арада бір ай өтпей жатып, топтың тарағаны жөнінде хабар келіп жетті. Мұның рас-өтірігін білу мақсатында Әсел Сәдуақасоваға хабарластық. Оны продюсер растады. Еліміздегі дағдарыстың әсерінен шақыртуды аз алғандықтан шығынға ұшырапты. Топтағы Әнел тіпті шығармашылықтан қол үзген. Қазір ол аудармамен айналысып жүрген көрінеді. Ал, Дина Қытай мемлекеті мен Қазақстан арасындағы шекараға кетті. Оның онда не істеп жүргені белгісіз. Мұндай шешімді Сәдуақасова біраздан бері қабылдап қойған. Арулар жұмыс тапқанша топ шығармашылықтарын жалғастырып келген. Енді қыздарды тек бейнебаяннан ғана көре аласыздар. Және де Gakku Әуендері марапаттау салтанатынан олардың соңғы рет өнер көрсеткеніне куә боласыздар.