Жеті күннен кейін орманнан табылған балақай әкесін кешірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеті күннен кейін орманнан табылған балақай әкесін кешірді

Жеті күннен кейін орманнан табылған балақай әкесін кешірді

Тентек болған ұлын жазалау үшін орманға қалдырып кеткен 44 жастағы Такаюки Танука ұлының өзін кешіргендігін айтты.

  • 7 Маусым 2016
  • 351
Фото - Caravan.kz


Әкесінің айтуынша, 7 жасар Ямато «әкесі жақсы адам екендігін және оны кешіретіндігін» айтыпты, деп хабарлайды The Mainichi. Естеріңізге сала кетсек, 28 мамыр күні Хоккайдо аралында ата-анасы тентектік жасаған ұлын «жазалаймыз» деп, орманға қалдырып кеткендігін хабарлаған едік. Артынша олар баласын таба алмай, іздестіру-құтқару жұмыстары бір аптаға жуық уақытқа созылды. Сол уақыт бойы иесіз қалған әскери базаны паналаған Ямато 6 түн өткеннен кейін тек жетінші күні ғана табылды.   Айта кету керек, сол уақыт бойы балақай еш нәр сызбай, тек база ішіндегі краннан ағып тұрған қара суды іше берген.  Табылғаннан кейін ол ағзасы сусыздануы мен едәуір әлсіреуіне байланысты ауруханаға жатқызылды. Қазір баланың жағдайы жақсы және жуық арада отбасына оралатын болады.