Қаза тапқан ақтөбеліктердің есімдері белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаза тапқан ақтөбеліктердің есімдері белгілі болды

Қаза тапқан ақтөбеліктердің есімдері белгілі болды

Ақтөбеде 5 маусымда лаңкестік салдарынан қаза тапқан 7 адам - бейбіт тұрғындар мен әскери қызметшілердің есімдері белгілі болды.

  • 7 Маусым 2016
  • 360
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ернұр Бұраханның айтуынша, қаза тапқандар:

— «Паллада»  дүкенінің сатушысы Андрей Владимирович Максименко 1978 жылы туған.

— Зейнеткер Николай Алексеевич Онищенко 1947 жылы туылған  («Паллада» маңынан өтіп бара жатқан).

— «Күзет»  қызметінің қызметкері Мерхан Есенбайұлы Тәжібаев 1983 жылы туған.

— «Пантера» дүкеніне келуші Михаил Витальевич Матросов 1981 жылы туған.


— Әскери қызметші Сапар Досбол Еркінбекұлы ОҚО тумасы, 1997 жылы туған,

— Әскери қызметші Майлыбаев Даниэль Ақарысұлы, алматылық, 1975 жылы туған.

— Әскери қызметші  Қалиев Берік Ерланұлы, оралдық, 1978 жылы туған.