Енді міне, оның ізін Лашын тобы жалғастыруда, деп хабарлайды Gakku.kz. Бірақ, арулар Санда болған Батумида емес, Тбилиси қаласында. Лашындықтар «Үндеме» атты жаңа әнін осылайша таспалауда. Бәлкім, Эрик Тастембеков Баян Есентаеваға сонда түсіруге кеңес берген болар. Кім білсін?!

Естеріңізге сала кетсек, дуэт осыдан алты ай уақыт аралығында Серік Ибрагимовпен бірге ән салған болатын. Содан бері қыздар үнсіз қалды. Жаз мезгілі келісімен қайта оянды. Ендеше, тың оймен жасалып жатқан тың туындыны асыға күтеміз.