«Бұндай психикалық ауытқушылықтар спортшыда жиі болып тұрады. Бәсекеге төзе алмайды. Айналадағының бәрі кінәлі. Оның ашуы кенеттен пайда болады. Оны бақылап, қашан болатынын болжау мүмкін емес. Оны дайындықтан және Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысудан шеттейміз. Спортшы мұндай психикалық жағдайымен еліміздің намысын қорғай алмайды. Олимпиадада осы қылығын қайталаса, Қазақстанды жерге қаратады»,-деді ҚР ауыр атлетика бойынша бас бапкері Алексей Ни, деп хабарлайды Sports.kz -ға сілтеме жасап stan.kz cайты.
Еске сала кетсек, кеше Седов жарыс кезінде футболкасын шешіп лақтырып жіберіп, "міне сендерге чемпион" деп айғай салған болатын.