Бұл туралы оның әкесі, белгілі әнші Қанат Айтбаев әлеуметтік желі арқылы хабарлады, деп жазады Caravan.kz тілшісі. Әкесінің айтуынша, аталған ән кешіне Димаштың анасы – Светлана Айтбаева үшеуі бірге қатыспақ болған.
Қанат Айтбаев өз жазбасында: «Ұмытылмас күн» атты Димаштың жəне біздің кездесу кешіміз елімізде төтенше жағдайдың орын алуына байланысты кейінге қалдырылды. Бірлігі бар, тірлігі бар, жақсы жағынан талайдың назарын аударып келген Ақтөбеміздің аспанында оқ атылып, жазықсыз жандар қаза болып жатқанда сахнада концерт беру «біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғының» кері болар еді. Концерттің кейінге шегерілгендігін өз аузымен ескертіп, алдарынан өтемін деген ниетпен Димаш Ақтау қаласына ұшып кетті, біз Ақтөбеде қалдық» депті.
Естеріңізге салсақ, әнші Серік Ибрагимов те Атырауда 11 маусымда өтуі тиіс концертін Ақтөбедегі жағдайға байланысты кейінге шегерген болатын.