Әсет Қарабалин әке атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әсет Қарабалин әке атанды

Әсет Қарабалин әке атанды

Мамыр айының ортасында әнші Айқын Төлепберген қызды болған еді. Енді міне, оның ізін Заман тобындағы Әсет Қарабалин жалғады. Ол да жуырда әке атанды, деп хабарлайды Gakku.kz. Жары Ақбидай оған қыз сыйлады. Мұндай ақпаратты әншіні алғаш болып құттықтағандардың бірі Ұлықпан Жолдасовтың инстаграмдағы парақшасынан байқап қалдық. Кейін белгілі болғандай нәрестенің атын Раяна қойыпты.

  • 10 Маусым 2016
  • 780
Фото - Caravan.kz


Естеріңізге сала кетсек, Әсет өткен жылы шаңырақ құрған болатын. Араға бір жыл салып жанұясы толығуда. Осы орайда, біз де өз тарапымыздан әншіні құттықтап, жаңа туған сәбиінің бауы берік болсын демекпіз. Осындай қуаныштан шабыт алып, тыңдармандарына жаңа әндерін тарту етеді деп сенеміз.