Сонымен, жеңіл атлетикадан еліміздің еншісінде 20 жолдама, байдарка мен каноэде есуден — 11, бокс (ерлер) — 10, ауыр атлетика — 10, еркін күрес — 5, әйелдер күресі — 4, оқпен ату — 4, теннис — 3, грек-рим күресі — 3, таеквондо — 3, дзюдо (ерлер) — 3, дзюдо (әйедер) — 2, әйелдер боксы — 2, велошоссе — 2, садақ атудан — 2 жолдама бар.
Мұнымен қоса, Қазақстан спортшылары академиялық ескек есуден — 2, мәнерлеп жүзуден — 1, жүзу — 2, қазіргі бессайыс — 1, стендтік ату — 1, велотрек — 1, семсерлесу — 1, үстел теннисі — 1, көркем гимнастика — 1, еспе слалом — 1, батутта секіру — 1, сондай-ақ ашық суда жүзуден 1 жолдаманы жеңіп алды.
Жалпы, 27 спорт түрінен еліміздің спортшылары Олимпиаданың 98 жолдамасына ие болды.