Эстрада жұлдыздары Баян Есентаеваның жағдайына алаңдаулы - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Эстрада жұлдыздары Баян Есентаеваның жағдайына алаңдаулы

Эстрада жұлдыздары Баян Есентаеваның жағдайына алаңдаулы

 

  • 15 Маусым 2016
  • 1568
Фото - Caravan.kz

Талғар аудандық ауруханасында жатқан продюсер, актриса Баян Есентаеваның беті бері қарады. Аурухана дәрігерлерінің мәліметінше, Баян Есентаева есін жиып, жағдайы жақсарып келеді деп жазады Caravan.kz тілшісі.

Продюсердің сауығып келе жатқанына қуанған әріптестері әлеуметтік желіде өз қуаныштарын, тілектерін жаудырып жатыр.

Жанар Айжанова өзінің инстаграм парақшасында: "Баян жаным! Кешеден бері сенің амандығыңды тілеп, уайымдап жатырмын. Бүгін өз-өзіне келді дегесін қуанып қалдым. Аман-есен аттай шауып, айығып ортамызға оралуыңа, қос қарлығашың Айсауле мен Айаруға қосылып, туыстарыңды қуантуыңа тілектеспін! Жасыма жаным, мен сені шын жақсы көремін. Бағым екеуіңнің қазақ өнерінде атқаратын әлі көп дүниелерің бар. Алла соның куәсі болып, бірге көруді нәсіп етсін! Халық сені жақсы көреді және сенің денсаулығыңа алаңдауда. Сен мықты қызсың, қиындықтың бәрін жеңесің. Мен оған сенемін!" — деп жазды.

Мадина Садуақасова да өз ойын білдірді: "Міне, осымен екі күн бойы бүкіл ел Баян Есентаеваның жағдайына алаңдаулы. Біздер, әріптестер де үлкен шокты бастан өткіздік, бірақ үндемей қала алмаймыз, себебі бұл жағдай біздің "ұжымда", біздің әріптесіміздің басында болды. 1993-1994 жылдары "Махаббат бекеті" фильмі экранға шыққан болатын. Сол кезден бастап Гүлназды мен ғана пір тұта бастаған жоқпын, оған бүкіл халық ғашық болды! Уақыт өте келе екеуіміз таныстық… Сол баяғыдай сұлу, әдемі, бірақ тұрмыс құрған, екі қыздың анасы, әнші, кейін түрлі музыкалық жобалар мен фильмдердің продюсері. Түсірілім алаңдарында жиі кездесетін едік… Әрдайым күтініп, жинақы жүретін, тіпті қатал десем де болатын Баян ешқашан салғырттық танытып, артық сөз айтқан емес. Ешкім оның ішімдік ішкенін көрген емес (ол ішпейді), Баян абыройды ең басына қоятын, қазақтың мықты әйелінің көрінісі. Ешқашан артық әрекет жасамайтын, ең бастысы жақсы тәрбие көрген, ұқыптылық оның қанында бар. Сенің отбасыңа, ісіңе, ойыңа деген адалдығыңа әрдайым қызығамын. Тіпті қазір де жаралы күйде жатсаң да мен саған қайран қаламын, Баяша, сен мықтысың, сен соңына дейін барасың! Біз сені күтеміз, сауығып кет, сенің жайнап тұратын көк көздеріңді сағындық".

Сол сияқты Сәкен Майғазиев, Ерке Есмахан, Дастан Оразбеков, Арман Қоңырбаев сынды тағы да басқа көптеген әншілер жылы лебіздерін білдіріп жатыр. 


Еске сала кетейік, өткен аптада Баян Есентаеваны күйеуі Бақтыбек Есентаев ұрып соғып, пышақпен жарақаттаған. Ауыр халде ауруханаға түскен Есентаеваға ота жасалған болатын.
 

 

Перейти к новостям спорта