Қасиетті Рамазан айында ең игі істердің бірі ретінде осындай қызметтің қажеттігі туралы мәлімдемені талай рет Діни басқармаынң Бас мүфтиі Ержан қажы Маямеров жасаған.
Жобаның жүзеге асырылған алғашқы жері — Шығыс Қазақстан облысы. «Тарауық намазы кешкі уақытта өтеді. Көптеген діндарлар такси қызметін жалдай алмайды. Сондықтан біз бұл идеяның Рамазан мәніне тамаша сәйкес келетінін шештік.
Такси жұмысы басталғаннан-ақ ерекше танымал болды. Оған қоса, мешіттегі тарауық намазына қатысқысы келетіндердің саны да өсіп келеді», — дейді «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұхарай.