Таразда атыста зардап шеккендер ауыр халде - дәрігерлер - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда атыста зардап шеккендер ауыр халде - дәрігерлер

Таразда атыста зардап шеккендер ауыр халде - дәрігерлер

Тараздың №1 қалалық ауруханасы  кеше, 19 маусымда оқ жарақаттарымен жеткізілген науқастардың жағдайын айтты.

  • 20 Маусым 2016
  • 381
Фото - Caravan.kz

«Кеше оқ тиіп жарақаттанған екі адам ауруханаға ауыр халде  түсті, — деді аурухананың бас дәрігері Ербол Ордабеков. — Олардың бірі ІІД қызметкері, оған мойны мен кеуде тұсына  екі оқ тиген. Екі науқасқа да шұғыл түрде ота жасалды, олардың жағдайы өте ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде қарқынды терапия жасалуда».

Бұдан бұрын хабарланғандай, Тараздың 6-шы шағын ауданында «Борышкер» жедел-алдын алу шарасы барысында ұстау операциясы  кезінде екі адамға оқ тиді. Оның біреуі учаскелік полиция. Ұстау   барысында күдіктіге   Қылмыстық атқару жүйесі  қызметкерінің атқан оғы тиді.  

ІІД-де күдіктінің  бұдан бұрын қылмыстық  істі болғаны, есепте  тұрғаны белгілі болды. Оның  қандай да бір діни экстремизмге қатысы жоқ.


Оқиғаның мән-жайы мен барлық қатысушыларды анықтау бойынша жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.