Эйр Астана Алматы-Тегеран жаңа рейсін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Эйр Астана Алматы-Тегеран жаңа рейсін ашты

Эйр Астана Алматы-Тегеран жаңа рейсін ашты

"Эйр Астана" ұлттық тасымалдаушысы Алматыдан Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеранға жаңа тікелей рейсті 2016 жылдың 30 маусымнан ашады деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен. 
Мәліметке сәйкес, ұшулар эконом-класс (88 орын) және бизнес-класс (9 орын) салонымен жабдықталған «Эмбраер 190» заманауи әуе кемесімен аптасына 3 рет орындалады.

  • 30 Маусым 2016
  • 374
Фото - Caravan.kz


"Алматы – Тегеран рейстің ұшудың орташа  ұзақтығы 3 сағат 55 минут, Тегеран-Алматы —3 часа 30 минут құрайды. Екі жаққа эконом-кластағы барып-қайту билеттің бағасы, барлық алымдарды қосқанда, тек сервистік алымнан басқа, 97 867 теңгені, ал бизнес-класта – 315 070 теңгені құрайды",-делінген хабарламада.

"Эйр Астана" әуекомпаниясы 2001 жылы тіркеліп, ең бірінші рейсін 2002 жылдың 15-ші мамырында Алматы – Астана бағыты бойынша орындады.Акциялық үлестің 51 пайызын үкімет («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаттылық қоры» АҚ), ал 49 пайызын BAE Systems (Ұлыбритания) компаниясы иеленген біріккен кәсіпорындағы акционерлердің әріптестік қарым-қатынастары әуекомпанияның даму тарихында тұрақты болып келеді. Бүгінгі таңда «Эйр Астана» әуе паркі батыста жасалған 30 ұшақтан тұрады және олардың орташа пайдаланым мерзімі 7,11 жылды құрайды. Әуекомпанияның бағдар желісі 60-тан астам ішкі және халықаралық бағыттарды қамтиды. Әуекомпания жеке меншікке сатып алу үшін Boeing 787, Boeing 767, Airbus A320 және Embraer 190 ұшақтарына тапсырыс береді.