Бас прокурор атышулы Мақсат Үсенов ісі бойынша түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокурор атышулы Мақсат Үсенов ісі бойынша түсініктеме берді

Бас прокурор атышулы Мақсат Үсенов ісі бойынша түсініктеме берді

Бас прокурор Жақып Асанов Мақсат Үсеновтің атышулы ісі бойынша барлық мән-жайдың қазақстандықтарға жеткіліксіз түрде түсіндірілгенін айтты.

  • 30 Маусым 2016
  • 408
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Бас прокуратурада мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа әдіс-тәсілдеріне арналған дөңгелек үстел кезінде айтылды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

— Халыққа дұрыс түсіндіре алмады, сондықтан әлеуметтік желілер шулап кетті. Қарапайым тілмен түсіндіру керек еді. „Үсенов төрт құқықбұзушылық жасады: бірі қылмыстық және үшеуі әкімшілік„ делінді. Ал халықтың бәрі осы үш құқықбұзушылықтың арасында шатасты да қалды.

Одан да Қылмыстық кодекс бойынша айыпты мен жәбірленуші татуласса, прокурор да, сот та мұны тоқтата алмайды деп түсіндіру керек еді. Мұнда ешқандай да жемқорлық жоқ. Ал үш құқықбұзушылыққа келсек, осы үш құқықбұзушылық бойынша ол ең ауыр жазаны алды. Сондықтан халықты да бір жағынан түсінемін, жағдайдың жалпы түсіндірмесін ешкім келтірмеді, — деп атап өтті Асанов.

Оның айтуынша, осы оқиғадан соң заңға өзгеріс енгізуге тура келген.

— Екінші жағдай — Үсеновтің феномені неде? Үсеновтің жағдайынан кейін Парламенттегілер ойланып, заң қабылдады. Егер қылмыс кісі өліміне әкеп соқса, онда ешқандай да татуласу болмайды. Содан бері осындай қылмыстық құқықбұзушылық, қылмыс болса татуласу деген жоқ, — деді Бас прокурор.


Еске сала кетелік, 2013 жылдың соңында Мақсат Үсенов BMW X6 көлігімен алты адамды қағып кеткен еді. Олардың бірі қайтыс болды. Бес адам жарақат алды. Бұл дерек бойынша іс сотқа жетпеді. Тараптардың ымыраласуына байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Жол апатына кінәлі Үсенов 45 тәулікке қамалып, 2017 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды. Кейін бұл құқықтан тағы бір жылға айырылды. Шығынның өндірілуіне байланысты жәбірленуші тарап кінә қоюдан бас тартты.

Ал 2014 жылы 15 қарашада Мақсат Үсенов Алматыда тағы да жол-көлік оқиғасына жол берген еді. Ол Mercedes көлігімен RAV4 автокөлігіне соғылды. Джипте отырған әйел миы шайқалып, ауруханаға түсті. Ол сол күні ауруханадан шығарылды.