Ұлттық бюроның мәліметінше, Ермегияевтің оққағары мен сенімді өкілі Саят Нәдірбаев кінәні мойындау туралы келісімге келу жөнінде өтініш білдірген.Осы жылдың 28 маусымында Астана қаласының прокуратурасы түскен өтінішті қабылдап, Нәдірбаевтың айыпты мойындауына байланысты шартты түрде үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға келісім жасалды. Қазіргі уақытта іс сотқа жіберілді.
Тергеудің пайымынша, ол Талғат Ермегияевтің тапсырысы бойынша қолма-қол ақшаға айналған және ұрланған ақшаларды алған. Барлық ақша ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге жұмсалуы керек болатын. Алайда ол ақшаның барлығын жымқырып, Ермегиявқа беріп отырған.
Бұл деректі сотталғандардың бірі Марс Шорманов ("Компания АДС" ЖШС экс-президенті) растап отыр. Ол көрмеге арналған 937 миллион теңге көлеміндегі қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, оның сенімді өкілі Саят Нәдірбаев арқылы жіберіп отырған.
Нәдірбаевтің Шормановтан бес рет ақша алғаны және 200 миллион теңгеден 300 миллион теңге көлеміндегі соманы Ермегияевқа бергені анықталды.
"Алайда, Нәдірбаев кінәсін мойындағаннан кейін Талғат Ермегияевтің сенімді өкілдері үйлерінен қашып кеткен. Олар тергеу орындарынан жасырынбақшы болған. Сонымен қатар, Талғат Ермегияевтің ағасы — Н.Молдашев және танысы С.Ережеп Нәдірбаевті түрлі пәтерлерде жасырған", — деп көрсетілген хабарламада.
2016 жылғы 28 наурызда жемқорлықпен күрес қызметіндегілер іздестіру шараларының нәтижесінде Нәдірбаевті ұстаған болатын.
Қазіргі уақытта Нәдірбаевтің ісіне қатысы бар азаматтар ҚР Қылмыстық процестік кодексінің "Қылмысты жасыру" бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.