"Барлық ресми рәсімдердің аяқталуына байланысты, «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесі Марк Хольцманның ресми түрде басқарма төрағасының қызметіне тағайындалғаны туралы хабарлады. «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесімен Хольцман мырзаны бұл лауазымға сайлау туралы шешім 2016 жылғы 28 сәуірде қабылданған болатын", — делінген хабарламада.
Хольцман мырза Қазақстанның азаматы болмағандықтан, осы қызметті атқаруы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірқатар ресми рұқсат алуы және рәсімдерді атқаруы талап етілген, енді міне ол шаралардың бәрі аяқталды. Хольцман мырза 2015 жылғы наурыздан 2016 жылғы сәуірге дейін «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған және қазіргі уақытта Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.