БҚО-да белгісіз аурудан 6 ірі қара мал өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да белгісіз аурудан 6 ірі қара мал өлді

БҚО-да белгісіз аурудан 6 ірі қара мал өлді

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында белгісіз дерттен бір ірі қара, сондай-ақ Чапаев және Нефтебаза ауылдарында 6 бұзау өлген.

  • 2 Шiлде 2016
  • 597
Фото - Caravan.kz

Ауырған мал саны – 30 бас. Аудандық бас ветеринардың айтуынша, Нефтебаза ауылында малдың ауырғаны туралы ақпарат маусымның 17 күні түскен. Малдан алынған сынамалар дереу облыстық зертханаға жөнелтілді. Әзірге оның қорытындысы шыққан жоқ. Дегенмен, Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Темірхан Қонақбаевтың айтуынша, мал пастереллез ауруына шалдығуы мүмкін. Нақты диагнозы келесі аптада анықталады. Әзірге ветеринарлар бұл ауылдардан ет пен сүт өнімдерін шығаруға тыйым салды.

Қалует Омарова, Нефтебаза ауылының тұрғыны: — Бір бұзау өлді. Қораның ішінде суды іше алмады. Әрқайсысына шелекпен апарады. Ауыздарынан аппақ көпірік шыға бастады. Бірден температура, іші қабысып, тамақ іше алмай, ауыздары толған жара, соның бәрін шайып, бәлен күн емдеді ғой.

Мақтауғали Нұралиев, Ақжайық аудандық ветеринария бөлімінің басшысы: — Белгісіз ауру болғаннан кейін халыққа ескерттік, ауруды анықтағанша етін, сүтін ішпеуге шақырдық. Мал дәрігерлері күнделікті аралап жатыр, таңертең және кеште малды қарап жатыр. Сау малдарға рұқсат беріледі де ауру малдарына жаңағыдай ескерту берілді. Біз шөптен улануы мүмкін деп күдіктеніп отырмыз. Басқа зерттеулер әзірге нәтиже берген жоқ.


Соңғы жаңалықтар