Алдын ала мәліметтер бойынша, кафеге 7 содыр шабуыл жасаған. Тұтқыннан босатылған адамдар саны жайлы түрлі мәлімет бар. Кейбір ақпарат құралдары 13, ал енді бірі 18 кепіл босатылды деп хабарлайды. Олардың арасында үш шетел азаматы бар. Жапондық бір азамат жеңіл жараланған.
Айта кетейік, кеше кешкісін Бангладеш астанасы — Дакка қаласында мұздай қаруланып алған бір топ адам кафеге басып кіріп, аяусыз оқ жаудырған еді. Атыс кезінде екі полицей қаза тауып, 26 адам жараланды. 10 адамның жағдайы ауыр. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл шабуыл үшін жауапкершілікті «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алды. Бірнеше елшілікке жақын орналасқан кафеге көбіне дипломаттар мен қалада тұратын шетелдіктер және ауқатты адамдар жиналады екен.