Осыдан 15 жыл бұрын отандық шоу-бизнесте бұрынғы музыканы қазіргі заманғы әрлеумен орындайтын бірегей ұжым — қазақстандық «Ұлытау» этно-рок тобы құрылды. Осы жылдары домбыра, скрипка және гитараның триосына барабан мен клавишті аспаптар қосылды. Бұл бұрыннан белгілі композицияларды ерекше мәнерде орындауға мүмкіндік береді.
Жобаның негізін қалаушы әрі жетекшісі Қыдыралі Болманов топтың бірегейлігі ұлттық колорит екендігін және әрбір қазақстандыққа жақын ұлттық колоритке негізделетінін ұдайы қайталап отырады.
— Домбыраның үні жан тебірентерлік. «Ұлытау» орындайтын музыка бәріне де ұнайтынына сенімдімін. Бұл жоба қазақ халық аспаптарының шексіз мүмкіндіктерін көрсетіп қана қоймай, әлемдік классиканың әйгілі туындыларын және үздік заманауи мотивтерді жаңа импровизациямыен жеткізу үшін жасалды, — дейді Қыдыралі Болманов.
Биыл танымал музыкант әрі продюсер бірден бірнеше мерейтойды атап өтпек. Осыған орай 6 шілдеде «Алау» мұз сарайының сахнасында елорданың 18 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді.
Келушілер «Ұлытау» тобы, Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болмановтың орындауындағы ерекше жарықтандырудың сүйемелдеуімен жаңа және ескі әндерді тыңдайды. Мерейтой иелерін шығармашылықтағы әріптестері мен достары да құттықтайды.