Қызылордада жанармай бағасын көтерген кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада жанармай бағасын көтерген кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды

Қызылордада жанармай бағасын көтерген кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды

Қызылордада мұнай өнімдерінің шекті бағасын негізсіз көтергені үшін бірнеше кәсіпкер әкімшілік жазалаға тартылды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 4 Шiлде 2016
  • 365
Фото - Caravan.kz

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінен келіп түскен  аудиторлық тексеру қорытындыларына сәйкес «БаттОйл-Трейд» ЖШС, «Диал Қызылорда»  ЖШС,  «Жалғасбеков»  ЖК-і, «Жандаулетов» ЖК, «МИР-2001» ЖШС, «РК-Мунай» ЖШС-не қатысты 2014-2015 жылдары мұнай өнімдерін негізсіз шекті бағадан  жоғары сату фактілері үшін 10 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделді.

ҚР ӘҚБтК-нің 171-бабының 1-бөлігі бойынша рәсімделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына, Арал, Қармақшы аудандық соттарына қарау үшін жолданды.