KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар = 337,08 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар = 337,08 теңге

KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар = 337,08 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

  • 5 Шiлде 2016
  • 219
Фото - Caravan.kz

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 18 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 337,08 теңгені, ал сауда-саттық көлемі — 24 500 мың АҚШ долларын құрады.

Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 337,50 теңгені (+0,11 теңге), ал сауда-саттық көлемі — 1 000 мың АҚШ долларын (-28 000 мың USD) құрады.

Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша орташа сараланған бағамы  бір юаньға 51,4800  (-0,1300 теңге) теңгені, сауда-саттық көлемі 1 000 мың юаньді (+700 мың юань) құрады.


Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.