Матаевтың адвокаттары тергеу жұмысына шағым түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Матаевтың адвокаттары тергеу жұмысына шағым түсірді

Матаевтың адвокаттары тергеу жұмысына шағым түсірді

Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың адвокаттарының айтуынша, тергеушілер олар ұсынған құжаттар мен дәлелдерді іске қосудан бас тартқан.

  • 5 Шiлде 2016
  • 273
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты адвокаттар бас прокуратураға шағым түсірген, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Сейітқазы Матаевтың адвокаттары тергеу сотқа дейінгі тексеруді қайта бастаудан және қосымша сот-эконикалық экспертиза жүргізуден де бас тартқанын мәлімдеді.

Адвокат Андрей Петровтың айтуынша, тергеуге дәлел ретінде бухгалтерлік және салық құжаттарын ұсынған. Бірақ тергеу бес жылдық құжаттарды үш айдың ішінде қайта жинау мүмкін еместігін, екі жылдық құжаттарды қайта жинау үшін сегіз ай уақыт керектігін айтқан.

Биыл 22 ақпанда «мемлекет қаржысын жымқырған» және «салықтан жалтарған» деген күдікпен ұсталған Сейітқазы Матаев 24 ақпаннан бері үйқамақта отыр. 28 наурызда оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігі бас директоры Әсет Матаев та үйқамаққа алынған. Әкелі-балалы Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарып, «келген зиян» туралы айыптау толықанды аудиторлық тексеру жүргізілместен тағылғанын айтады.

ҚазТАГ агенттігінің ақпараты бойынша, арасында ВВС, «Неміс толқыны», «РБК», «Россия-24», France Press және өзгелері бар шетелдік бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Сейітқазы Матаевтың ісі бойынша өтетін сотқа қатысуға ниет білдірген.


Қазір Сейітқазы Матаев үйқамақта отыр.