Астана күніне арналған мерекелік шаралар отшашумен қорытындыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.32
  • 582.92
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана күніне арналған мерекелік шаралар отшашумен қорытындыланды

Астана күніне арналған мерекелік шаралар отшашумен қорытындыланды

Астана күніне арналған мерекелік шаралар дәстүрге сай 6 шілде күні қас қарайған шақта отшашумен қорытындыланады. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты.

  • 7 Шiлде 2016
  • 378
Фото - Caravan.kz

Бірер сәт бұрын Есіл өзенінің жағасында мерекелік отшашу болды. Мұндағы отшашу көлемі жағынан ең үлкені деп есептеледі. Себебі, ол 10 минутқа созылды, әрі 15 мың рет дүркіреп атылады. Отшашуды елорданың барлық бөлігінен тамашалау мүмкін болды. Себебі, қала бойынша 5 жерде, нақтырақ айтқанда, Есіл өзенінің жағалауы мен Ақбұлақ шағынауданында, «Хан Шатыр» сауда-саттық және ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда және Абылайхан даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысындағы саябақта, теміржол вокзалының маңындағы «Жас батыр» стадионында өтті.