Иракта қаза тапқан британ әскерилерінің туыстары Блэрді сотқа тартуды талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иракта қаза тапқан британ әскерилерінің туыстары Блэрді сотқа тартуды талап етуде

Иракта қаза тапқан британ әскерилерінің туыстары Блэрді сотқа тартуды талап етуде

 

  • 7 Шiлде 2016
  • 306
Фото - Caravan.kz

Лорд Джон Чилкот төрағалық еткен тәуелсіз комиссияның Ұлыбритания үкіметінің 2003 жылы Иракқа шабуыл жасар алдындағы әрекеті туралы баяндамасы елді дүрліктіріп жіберді, деп хабарлайды euronews.com тілшісі. Ал комиссия мынадай ұйғарым жасаған еді: Лондон түйткілді бейбіт жолмен шешудің барлық мүмкіндігін қарастырып алмай жатып соғысқа араласып кетті, мұндай шабуылдың ақыры не болатыны ойластырылған жоқ, тіпті мұның құқықтық жағы да күмән тудырады.

Осыдан кейін Ирактағы соғыс кезінде қаза тапқан ағылшын сарбаздарының отбасылары мен көптеген белсенділер Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрінің сот алдында жауап беруін талап етті. «Әлгіндей баяндамадан кейін, әрине, Гаага трибуналы Тони Блэрді әскери қылмысы үшін соттауы керек» дейді бір жауынгердің анасы Валери О,Нил.

Ұлыбританияны сол соғыс болған кезде осы Блэр басқарған еді. Ол мынадай айыптаулардан кейін кешірім сұрып, Иракқа шабуыл жасау туралы шешімі үшін басымен жауап беруге дайын екенін айтты. «Ұлыбритания халқы менің дұрыс шешім қабылдағаныма сенсе екен деймін. Өткенім мен өзіме жеткен ақпараттарға сүйене отырып осындай ұйғарымды дұрыс көрдім» дейді экс-премьер.


Бірақ оның сотталуын талап еткен белсенділердің бұған көнгісі жоқ. «Соғыс коалициясын тоқтату» ұйымының өкілі Линдсей Герман Блэрді саяси санкциялармен соққылау керек деп есептейді. «Ол енді бұрынғыдай құрметті қайраткер бола алмайды. Ол енді саяси өлік» дейді белсенді.

Айта кетейік, Ұлыбритания Ирактағы соғыс кезінде 179 әскери қызметкерінен айырылған.