ОҚО-да екі балабақшаның басшылығы 10 млн теңгені жымқырды деп айыпталуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да екі балабақшаның басшылығы 10 млн теңгені жымқырды деп айыпталуда

ОҚО-да екі балабақшаның басшылығы 10 млн теңгені жымқырды деп айыпталуда

Тәрбиеленушілердің тізімін жасау арқылы 10 миллион теңгені жымқырды деп айыпталған екі балабақшаның басшылығы ұсталды, деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметі. 

  • 7 Шiлде 2016
  • 504
Фото - Caravan.kz

"Бірқатар жемқорлық құқық бұзушылықты анықтап, бірнеше лауазымды тұлғаны ұсталды, Атап айтқанда, "Айсана ана" және "Жас шуақ" балабақшаларының құрылтайшысы әрі меңгеруішсі А.Биболов балабақша тәрбиеленушілерінің жалған тізімін жасау арқылы "Балапан" мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген бюджет қаржысының 10 млн. теңгесін ұрлаған", — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ол Мақтаарал аудандық ІІБ-нің уақытша оқшаулағышына қамалды. Мұнан бөлек, А.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжінің директоры А.Ниязов педагогикалық жүктемені арттыру және талапкерді колледжге түсіру үшін оқытушыдан 200 мың теңге көлемде пара алған.

"Ниязов Шымкент қалалық ІІБ-нің уақытша оқшаулағышына қамалды", — деп атап өтті департаментте.