East Brebes ақылы жолымен Жакартадан Тегалға бет алған мыңдаған жүргізуші жол кептелісіне тап болып, әр түрлі дерек көздері бойынша, 20-дан 35 сағатқа дейін қаңтарылып тұрған. Олардың көпшілігі мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының аяқталуына байланысты үйлеріне демалысқа қайтып келе жатқан.
Регенттік бас дәрігерінің айтуынша, ыстықтан және күте-күте қалжыраған 12 адамның созылмалы аурулары асқынған болса, бес адам жол апатынан көз жұмыпты, тағы бір адамның қайтыс болу себебі әзірге анықталмаған көрінеді.
Көлік нөпірінің тығыздығына байланысты дәрігерлер көмекке зәру адамдарға тіпті мотоциклмен жете алмаған.+
Дереккөздің айтуынша, кептеліске жолға ақы төлеу пунктерінде туындаған кезек себеп болыпты.