Бердібек Сапарбаев орысша баяндама жасаған шенеунікке ескерту жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бердібек Сапарбаев орысша баяндама жасаған шенеунікке ескерту жасады

Бердібек Сапарбаев орысша баяндама жасаған шенеунікке ескерту жасады

Жақында облыс әкімшілігі ғимаратында биылғы ұлттық бірыңғай тесттің нәтижелері мен арнаулы орта оқу орындарында, яғни колледждерде дуальды білім беру жүйесін енгізу мәселелері бойынша өткен жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев баяндама жасаған облыстық білім басқармасы басшысы Сәуле Өмірбековаға мемлекеттік тілге қатысты ескерту жасады.

  • 8 Шiлде 2016
  • 921
Фото - Caravan.kz


Білім басқармасы басшысы өз баяндамасын қазақ тілінде бастағанымен, біраз кібіртіктеді. Сосын ресми тілге ауысты.Аталған лауазымға таяуда ғана тағайындалған Сәуле Өмірбекова ҰБТ сынағының нәтижелері мен колледждерде дуальды білім беру жүйесін енгізу туралы мағлұматтармен бөлісті.

Ол өз баяндамасын аяқтаған кезде жиынға төрағалық еткен өңір басшысы оған ескерту жасады.
— Сіз бір нәрсені ұмытпаңыз. Сіз білім басқармасын басқарасыз. Келесі жолы баяндамаңызды қазақша жасаңыз, — деді Бердібек Сапарбаев.
— Жақсы, — деді өз кемшілігін мойындаған білім басқармасы басшысы.
— Түнімен дайындалыңыз. Сіз кешегі мектеп директорысыз. Әрине, арасында ресми тілді де қосуға болады енді. Бірақ мемлекеттік тілде сөйлеу керек, — деді басқаларға да сабақ болсын деген пейілмен сөзін түйіндеген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар