Қарағанды облысындағы Қазақмыс кен орнында кенші қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысындағы Қазақмыс кен орнында кенші қаза тапты

Қарағанды облысындағы Қазақмыс кен орнында кенші қаза тапты

Қарағанды облысы Жезқазған қаласында «Қазақмыс корпорациясы «Жомарт» ЖШС» кенішінде 42 жастағы кенші қаза тапты, - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

  • 9 Шiлде 2016
  • 284
Фото - Caravan.kz

«Жезқазғандағы «Жомарт» кен орнында ұңғымаға жиналған балшық пен суды тартып шығару барысында желдеткіш діңгектердің бірінен 42 жастағы кеншінің денесі табылған. Мамандардың айтуынша, жұмысшы диаметрі 4 метрге жуық желдетпе шурфтан кенеттен су келуі нәтижесінде зардап шеккен», — делінген хабарламада.

Компания ақпараты бойынша, кенші бұйрық бойынша өз жұмысын орындаған.


Оқиғаның мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтайтын болады.