Астанада тамызда жеңіл рельсті көлік жолының құрылысы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада тамызда жеңіл рельсті көлік жолының құрылысы басталады

Астанада тамызда жеңіл рельсті көлік жолының құрылысы басталады

Астананың мега жобасы болып есептелетін жеңіл рельсті көлікке арналған шойын жолдың құрылысы 2018-ші жылдың күзінде аяқталады.

  • 11 Шiлде 2016
  • 458
Фото - Caravan.kz

Бұл замануи жолаушыларды тасымалдау жүйесі Астана халықаралық әуежайы мен жаңа теміржол вокзалын байланыстыратын болады. «Астана ЛРТ» мекемесі басшылығының айтуынша, құрылыс жұмыстары, сәтін салса, екі жылда аяқталады. Жердің үстінен шойын жолды салу, вагондардың Сарыарқаның сарышұнық аязына төзімді болуы, бүкіл жылжымалы құрамның әдемі дизайны осының барлығы сапалы әрі көңілден шығатындай болады,- дейді мамандар. Жобаны жүзеге асыру үшін Республикалық бюджеттен 19 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржы 19 вагонды жасап шығаруға жұмсалып жатыр,- дейді Астана ЛРТ-ның техникалық директоры Айтқазы Арықбаев.

— ЛРТ көлігінде 650 адам отырғаны бар, тұрып тұрғаны бар, барлығын есептегенде 650 адам сияды. Көліктің ұзындығы 60 метр және жүретін жылдамдығы орташа жылдамдығы 41 шақырым сағатына, ең жоғарғы жылдамдығы 81 км сағатына. Жеңіл рельсті көлікке арналған жол Елорданың кейбір көшелерінің  бойымен өтеді. Сондықтан, жердің астында жатқан телефон байланысының сымдары, жылу магистральдарымен өзге де инженерлік жүйелер қазылып алынады да басқа орынға көшіріледі. Бір ай бұрын басталған жұмыс қарқынды жүріп жатқандықтан күзде толығымен аяқталады деген жоспар бар, дейді «Астана ЛРТ» ЖШС техникалық директоры, Айтқазы Арықбаев.

— Станция болады. Оның барлығы заманауи құралдармен жабдықталған. Салқындатқыш, бейне бықылау барлығы бар. Бірінші кезеңнің жалпы ұзындығы 22,4 шақырым. Ол мына халықаралық астана аэропортынан басталады. Қабанбай көшесімен жүреді де Сығанақ көшесінің ортасымен жүреді. Оның барлығы эстакада болады. Оның бикітігі Қабанбай көшесі бойынша 8 метр де, рельстің басына дейін сығанақ пен Қалдаяқов көшесінің бойынан өткен кезде олар 12 метр биіктікке көтеріледі, деді «Астана ЛРТ» ЖШС техникалық директоры.


Айтқазы Артықбаевтың айтуынша, алғашқы 2-3 жылда жылжымалы құрамды машинист басқарады. Кейін толығымен автоматтандырылған жүйеге көшетін көрінеді.