Қытайдағы тайфун мен селден 22 млн адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдағы тайфун мен селден 22 млн адам зардап шекті

Қытайдағы тайфун мен селден 22 млн адам зардап шекті

Қытай «Непартак» тайфунынан аса зор зардап шекті, елдің орталық бөлігінде тасқын су дамбаны бұзып, билік тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге мәжбүр болды.  Су басқан жерлерде шамамен 30 мың адам тұрады.

  • 11 Шiлде 2016
  • 306
Фото - Caravan.kz


Нөсерлі жауын селдің тууына әкеліп соқты: су үйлерді бұзып, ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлерді су астында қалдырды. 

Қытайлық билік қазір табиғи апаттан келтірілген залалды есептеуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, шамамен 22 миллион  адам зардап шеккен. 80-ге жуық адам қаза тапты, тағы 10 адам із-түзсіз жоғалған, деп жазды tvzvezda.ru.