Астана қалалық ІІД тұрғындарды пәтер сатып алуда сақ болуға шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қалалық ІІД тұрғындарды пәтер сатып алуда сақ болуға шақырады

Астана қалалық ІІД тұрғындарды пәтер сатып алуда сақ болуға шақырады

Астана қаласы ІІД Баспасөз қызметі хабарлайды.

  • 12 Шiлде 2016
  • 351
Фото - Caravan.kz

Астана қаласы Ішкі істер департаменті «Зере» (Ақан Сері көшесі бойындағы), «Зере 2» (Р.Қошқарбаев көшесі бойындағы), «Арыстан» көппәтерлі тұрғын кешені (Юго-Восток шағынауданы, оң жақ, М.Төлебаев көшесі 1 Обаған көшесі қиылысындағы), Тұран даңғылының батысына қарай орналасқан көпфункционалды құрылыс бас мердігерінің көппәтерлі тұрғын кешендерінің салушыларына қатысты қылмыстық істер қатарына тергеу жүргізуде. Аталмыш тұрғын кешендерін салушылар 2012 жылдан 2016 жыл аралығында пәтерлерді сатып, алайда келісімшартта көрсетілген құрылыс мерзімін бұзып, сатып алушылардың құқықтарына нұқсан келтірген.

Көрсетілген нысандар проблемалы болып табылғандықтан, күн сайын Астана қаласы әкімдігінің жанындағы мекемеаралық комиссиясының отырысында талқыланады.


Осыған орай, азаматтарды жоғарыда көрсетілген тұрғын кешендерден уақытша пәтер сатып алмауды сұраймыз. Астана қаласы жылжымайтын мүлік агенттіктерінің басшылықтары мен делдалдарға қылмыстық іс бойынша түпкілікті процессуалды шешім қабылдауға дейін уақытша консалтингтік қызметтен бас тартуға кеңес береміз. Аталмыш қылмыстық істер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.